Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең қызықты 12 ырым

Түрлі ырым-тыйымдарға сенетініміз сонша, қазіргі кезде тіпті қалай иық асыра «тфәй-тфәй» деп түкіргенімізді білдей де қалып жатамыз.

Ең қызықты 12 ырым

Ал кейбірі үш рет ұрып-ұрып қою үшін ағаштан жасалған қатты зат іздеп жатады. Әркім әртүрлі ырымға сенеді. Біздің қазақтың да ырым-тыйымы өте көп. Алайда өзімізге таңсық кейбір ырымдарға таң қалатынымыз анық.

Денсаулық үшін су ішпеу

Германияда кім де кім су толтырылған бокалды денсаулық үшін көтерсе, ол қасындағылардың барлығына өлім тілейді деген сөз екен. Бірақ, біздіңше, бұл – жай ғана ішімдік ішкізу үшін істелген құйтұрқы әрекет сияқты. Өзін қара ниетті адам екен деп қалмасын деп, амалсыз ішімдік ішетін болу керек.

Көпшікке отырмау

Кейде жайланып отыру үшін, көпшік жастаймыз. Ал Малайзияда көпшікке отырған адамның жұмсақ жеріне безеу сияқты жара шығады деген наным бар көрінеді. Шамасы, көпшік жастанып жатқысы келген адамдар «біреу-мреу бұған басқа жерімен отырмады ма екен» деп күдіктенбесін деген болса керек.

Иттің нәжісін сол аяқпен басу

Жалпы кез келген нәжісті басып кету қаншалықты джиіркенішті екенін бәріміз де жобалай аламыз ғой.  Ал Францияда егер кім де кім иттің нәжісін сол аяғымен басып кетсе, ырыс-құты артады деген ырым бар екен. ал егер, құдай сақтасын, оң аяқпен басып кетсеңіз, бұл жамандықтың бастауы деген сөз.

Түн ортасында жүзім жеу

Испанияда түн ортасы болған кезде тұп-тура 12 түйір жүзім жеу керек деген ырым бар көрінеді. Сонда алдағы он екі ай бойы ырзық-несібеге кенеліп өмір сүруге болады деген түсінік қалыптасқан. Бұл ерте кездегі он екі түйір жүзім жын-періден  қорғайды деген аңыздан бастау алса керек.



Жердің жарығын баспау

Солтүстік Америкада өскен балалардың барлығы асфальт жолдың жарылған жерін баспауға әбден үйренген. Алда-жалда осы жарықты басып кеткен адамның анасының арқасына бірдеңе болуы мүмкін деген де ырым бар екен  (бұл тыйым ағылшынша «Don’t step on a crack, or you’ll break your mother’s back» деп айтылады).

Төрт санынан қашу

Қытай мен Жапонияда 4 саны өліммен байланыстырылады. Ол осы елдердегі иероглифтердің бейнеленуімен байланысты. Өйткені «өлім» деген сөз бен «төрт» санының таңбалануы бір-біріне өте ұқсас көрінеді. Бұл ырымның кең етек алғаны соншалықты – ауруханалардың лифтерінде 4 саны жазылған түймеше болмайды екен.

Кешке қарай сағыз шайнамау

Түркияда кешкі астан кейін сағыз шайнаған адамды көрсе, әбден жекуі мүмкін. Түріктер түн ішінде сағыз шайнаған адамды өлген адамдардың  денесін шайнағанмен бірдей көреді екен. Құрсын, мұндай ырымнан кейін, адамның түн түгілі, күндіз сағыз шайнағысы келмейтін шығар.

Мазар маңынан өткенде бас бармағын жасырмау

Жапонияда мазарлардың маңында серуендеген кезде бас бармақты жасырған адам ата-анасымен өлім алдында қоштаса алмай қалуы мүмкін. Шамасы бұл жапон тілінде «басбармақ» деген сөздің тура аудармасы «ата-ана саусағы»  деген мағынаны беретіндіктен болса керек.

Айдың 17-і күні, жұма

13-і күнгі жұма туралы қазір жұрттың бәрі де білетін шығар. Бұл наным Исаның соңғы сабағында тек 13 оқушы болғандығымен байланысты болуы мүмкін. Алайда Италияда 13-і емес, 17-і сәтсіз күн болып есептеледі екен. бұл қайдан шыққан дейсіз бе? 17 (XVII) деген рим цифрын VIXI деген латын сөзіне аударуға болады, ал ол «менің өмірім аяқталды» деген мағынаны береді.

Жаңа туған баланы ірімшік қыртысының үстінен алып өту

Бұл наным бастауын сонау Орта ғасырлардан алатын болуы керек. Ол кезде жаңа бала көтерген әйел ірімшік ырымын жасайтын болған. тоғыз ай бойы әлгі ірімшік қатайып, қабыршық пайда болады. Ал әйел босанар кезде бүкіл отбасы жиылып әлгі ірімшікті жеп, тек қабыршығын ғана қалдырады екен. сөйтіп, бала аман-есен өмірге келген кезде сол қыртыстың үстінен баланы алып өткен. Бұл баланың алдағы өмірі ұзақ та мәнді болады деген сеніммен жасалған ырым.

Түнде тырнақ алмау

Үндістанда ырымшыл халық жуынар алдында жсопар жасайды екен. Егер  бейсенбі, сенбі күндері шаш алдырып, бас жуатын болсаңыз  – жамандық болады. Ал сейсенбі мен жексенбі күндері тырнақ алуға болмайды. Ол да жаман ырым. Айтпақшы, олар да қазақтар сияқты кешке қарай тырнақ алмайтын көрінеді. Кеш батқанша жуынып, тырнағыңызды алып алғаныңыз жөн.

Желдеткіш немесе салқындатқыштың кесірінен кісі өлуі мүмкін

Оңтүстік Кореяда желдеткішті немесе салқындатқышты қосып, жабық бөлмеде ұйықтап қалсаңыз, өліп кетуіңіз мүмкін. Ал ажалыңыздан бұрын өлім құшпас үшін терезені ашып жату керек көрінеді. Жапонияда да осыған ұқсас наным бар екен. бірақ оларда түн ішінде салқындатқышты сөндіріп қоймасаңыз, ауруға душар болуыңыз мүмкін деген наным бар. бірақ бұл нанымнан гөрі шындыққа жанасатын сияқты.

Талқылау