Елімізде пилоттар ұшақты мас, есірткіге елірген күйде еркін басқара берген

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 7:09

Қазақстандық ұшқыштар жалған медициналық анықтаманы сатып алып келген. Жолаушы тасымалдап жүрген ұшқыштардың есірткіге еліріп тізгін ұстауы және онысын тиісті орындардың байқамай қалуы сондықтан екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

еее

Сурет trend.az

Өйткені, ұшар алдында экипаж командирін ешкім жіті тексермейді. Ұшқыш тек жылына бір рет қан тапсырып, тыйым салынған препараттарға қарсы сараптама жасатса жеткілікті.

Естеріңізге салсақ, “Эйр Астана” компаниясының Мәскеуден Алматыға қатынаған ұшағының экипаж мүшесінен марихуана табылған еді. Ұшқыш есірткіні бірнеше жыл бойы тұрақты пайдаланып келгенін мойындады да. Сөйтіп Роман Быков екі жарым жылға сотталды. Осы оқиғандан соң елімізде ұшқыштарды жиі тексеру туралы ұсыныстар айтылған. Алайда, Азаматтық авиация комитетіндегілер әлі бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдамапты.

“Өкінішке қарай тексерудің нәтижесі жақсы емес. Өткен жылы әуе қызметкрелері 80-нен астам жалған медициналық анықтама жасатқан. Халықаралық талапқа сай, бұл саланы қатаң бақылауға алу керек”, – деді ҚР Инвестиция және даму министрінің орынбасары Альберт Рау.

Оқи отырыңыздар:

“Бек Эйр” ұшақ шассиінің ашылмай қалуының себебін түсіндірді

“Эйр Астана” қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

Исекешев 121 адамды аман алып қалған “Бек Эйр” экипаж мүшелерін марапаттады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар