“Эйр Астана” қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясы қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан парламенті сенатындағы қорғаныс, қауіпсіздік және халықаралық қатынастар комитетінің жиналысында айтылды.

Сурет today.kz
Бұл туралы Mojazarplata.kz хабарлайды.
ҚР азаматтық авиация комитеті басшысы Бекен Сейдахметовтың айтуынша, қазақстандық ұлттық әуетасымалдаушының экипаж командирі айына 10 мың доллар алса, екіші ұшқыш 6590 доллар алады. “Казаэронавигация” диспетчерлері 1980 доллар айлық алады.
Әуе компанияның вице-президенті Алма Әлиғожинова кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы коммерциялық құпия болып табылады деді. Ол ұшқыштардың еңбегі орасан екенін әрі олардың қызметіне әлемнің кез-келген түкпірінде мұқтаж болатындығын, сол себепті олардың жалақылары 10 мың доллардан кем болмайтынын жеткізді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды