Есірткі шегіп ұшқан “Эйр Астана” ұшқышына үкім шығарылды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 18:04

Түрксіб аудандық соты “Эйр Астана” әуе компаниясының экс-ұшқышы Роман Быковқа үкім шығарды. Сот шешімі бойынша ол айыпты деп танылып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

c60dba4f-e503-4173-965f-12451683d6c8

Сурет today.kz

Сондай-ақ, сот Быковқа 300 АЕК көлемінде айыппұл салып, әуе тасымалы қызметін атқарудан екі жылға шеттетілді.

Еске сала кетсек, экипаж командирі Мәскеу-Алматы рейсі кезінде осы жылдың наурыз айында ұсталған. Оның қалтасынан 1,55 грамм марихуана табылған. Наркологиялық сараптама да, оның есірткі өнімдерін тұтынғанын анықтаған еді. Кейінірек ол әуе компаниясы қатарынан шығарылды.

Роман Быков ҚР ҚК 286 бабы 1 тармағы “ҚР мемлекеттік шекарасы аумағында есірткі өнімін заңсыз тасымалдағаны үшін”, 296 баптың 2 тармағы “Марихуана өнімін заңсыз иелену, сақтау” және 285 бап “Әуе тасымалын есірткіге мас күйде басқарғаны” үшін айыптары бойынша кінәлі деп танылды.

Бұған дейін ұшқыштың өзі ұшақты есірткі шегетінін, бірақ ұшқан кезде қолданбайтынын айтқан еді.  алып басқарды деген кінәні мойындамады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар