Алматыда есірткімен ұсталған ұшқыш нашақор екенін мойындады

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 23:49

Алматы әуежайында есірткімен ұсталған ұшқыш өзінің нашақор екенін мойындады. Алайда сот алдында бүгін жауап бере бастаған Роман Быков «шөп шегіп, ұшақ тізгіндеген емеспін» деп жауапкершіліктен жалтарды, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

photo_182633

Қалтасынан шыққан марихуаннаны да ұшақтың баспалдағынан тауып алғанын айтып ақталды. «Эйр Астана» компаниясында он жыл жұмыс істеген ұшқыш ара-тұра есірткі қолданатынын жасырған жоқ. Бірақ жұмыс кезінде жат қылықтан аулақпын деп ақталып отыр. Яғни, әуе компаниясының ішкі жарғысы бойынша ұшқыштарға көкке көтерілерден 48 сағат бұрын қандайда бір психотроптық зат қолданып, алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынған екен. Айыпталушы бұл қағиданы қатаң ұстанатынын алға тартуда.

“Ұшақ тізгініне есірткі қолданып алып отырды деген айыппен толық келіспеймін. Ұсталардан бір апта бұрын шеккенім рас. Алғаш рет марихуаннаны 2015 жылы тартып көргем. Содан бері айына 2-3 рет жұмыстан бос уақытта шегіп жүргенмін. Ал ұшар алдында мүлдем қолданбаймын”, – дейді айыпталушы Роман Быков.

Естеріңізге салсақ, өткен айда Мәскеуден ұшып келген ұшқыштың қалтасынан есірткі табылған болатын. Осыдан кейін 39 жастағы Роман Быков бірден жұмыстан қуылып, енді үш бап бойынша сот алдында жауап беріп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар