“Эйр Астана” пилоты ұшақты есірткі қолданып басқарып келген

Жұма, 4 Наурыз , 2016 11:57

«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталып және оны көп жылдан бері қолданып келгенін мойындады. «Эйрбас-320» ұшағы «ЭйрАстана» компанисына тиесілі. Ол Мәскеуден Алматыға күнделікті қатынап тұрады.

1a08dad92530452c9eb27f08262

Сурет: kapital.kz 

Бұл time.kz хабарлайды.

Бортта 82 жолаушы болған. Қызметкерлер «Джиппи» атты қызметтік итпен есірткіні іздеу мақсатында барлығын тінтіген. Сөмкелерді иіскеп жүрген ит компанияның қызметкерінің қасына тоқтай қалады. Олар кеден қызметкерлерімен бірге күдіктіні тексеріп, оның қалтасынан жасыл заты бар қаттама тауып алған. Сараптама нәтижесі оның марихуана екенін анықтаған.

39 жастағы командир Роман Быков өзі де анализ тапсырып, оның ағзасынан осы есірткінің бары анық болған. Быковтың өзі марихуана есірткісін соңғы 3 жылдан бері қолданып келгенін, оны Мәскеуден ұшар алдында қолданғанын айтты.

Аталған іс бойынша контрабандалық және есірткіні заңсыз қолдану баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Олардың хабарлауынша, қазір Роман Быков әуе компаниясындағы қызметінен шығып кеткен.

«Иә, ондай жағдай болды. Әуе компаниясында ұшқыштар мен қызметкерлердің есірткі пайдалануына тыйым салынған. Мұнда қызметкерлерден қан талдауы алынып, алкоголь немесе есірткіге тексеріледі. Роман Быков қазір әуе компаниясында жұмыс істемейді. Ол есірткі табылған соң бірден жұмыстан шыққан», – деді компания өкілі Тілек Әбдірахимов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар