Исекешев 121 адамды аман алып қалған “Бек Эйр” экипаж мүшелерін марапаттады

Сенбі, 7 Мамыр , 2016 11:32

ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара барысында “Бек Эйр” әуе компаниясының экипаж мүшелерін марапаттады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

photo_184029

ҚР ИДМ

II дәрежелі “Айбын” ордені Fokker-100 әуе кемесінің екінші ұшқышы Вадим Смеречанскиге табыс етілді. “Ерлігі үшін” медалі әуе кемесінің борт серіктері Рустам Ибрагимов, Жадыра Мударисова және Александр Шестаковқа берілді.

6 мамыр күні экипаж командирі Дмитрий Родин Ақордада Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Халық қаһарманы” атағын және Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алды.

Еске сала кетсек, 27 мамырда Астанада “Бек Эйр” әуе компаниясының ұшағы жерге апатты жағдайда қонған болатын. Тура қону жолағына жақындаған сәтте алдыңғы шассиі ашылмай қалған ұшақты, экипаж сәтті қондырып жүздеген адамның өмірін аман сақтап қалған еді. Борттағы 121 адамның ешқайсы да зардап шекпеген.

ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев экипаж шеберлігін мақтап өтіп, алғыс білдірді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар