Президент Родин мен Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағын берді

Жұма, 6 Мамыр , 2016 9:12

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Қаһармандар

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Родин Дмитрий Олеговичке – «Fokker – 100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы
Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлына – Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр
№244

“Бек Эйр”  пилоты  Дмитрий Родин  ұшақты шассисіз қондырып  126 адамның өмірін сақтап қалған еді. Ал Қайрат Үмбетов әскери тәжірибе жасау кезінде сарбазды граната жарылысынан зақымданудан  кеудесімен  жауып құтқарған болатын.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар