Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде террористерді ату жазасына кесу бастамасы дау тудырып жатыр

Кеше сенаторлардан кейін, Жоғарғы соттың судьялары да 13 жыл бұрын жарияланған мараторийді алып тастау керек деп мәлімдеме жасады. Яғни, лаңкестер мен өзге де ауыр қылмыс жасағандарды атып өлтіру қажет деген пікірде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ыаыа

Сурет 24.kz

Тек, мұнымен келіспей, қарсы пікір айтып жатқандар аз емес.

Ақтөбедегі лаңкестердің қанды қырғынынан кейін Елбасы қару асынып адам өлтіргендердің өздерін аямай жою керек деген болатын. Ілі-шала сенаторлар да өлім жазасын қайта қолдануды ұсынды. Енді Жоғарғы соттың судьялары да мараторийді алып тастау қажет деп отыр.

“Біздің пікіріміз террорлық акт жасалып жатқан қылмыскерлерге өлім жазасын енгізген дұрыс деп есептейміз. Себебі, қазіргі заманның талабы соған әкеліп отыр”, – деді Астана қалалық Апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин.

Судья заман талабы деп, қару асынған содырлардың көбейіп бара жатқанын меңзесе керек. Сондықтан өлім жазасын осы экстермистерге ғана қолдану қажет дейді. Бірақ, мұнымен мәселе шешілмейді деушілер де жетерлік. Әсіресе, құқық қорғаушылар “онсыз да өзін өлімге қиған террористерді өлім жазасына кесудің жөні жоқ” деген пікірде.

“Мұндай содырларды өмір бойына түрмеге қамап жазалау керек. Өйткені, конституцияда – адам ең басты құндылық ретінде саналады. Өлім жазасын қайта енгізсек, Ата заңымызға қайшы әрекет жасаймыз. Оның үстіне біздің мемлекет БҰҰ-ның Ассамблеясында өлім жазасынан бас тарту туралы декларацияға қол қойған”, – дейді құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Жалпы елімізде өлім жазасына 2003 жылы мараторий жарияланғаны белгілі. Ал, оған дейін тіпті, алаяқтық пен зорлау, жалған ақша жасап, пара алғаны үшін де ату жазасы кесілетін. Қазір әлімнің 58 елінде өлім жазасы әлі қолданылып келеді.

Ауыр қылмыс істеп, өмірімен қош айтысатындардың көшін қытайлықтар бастап тұр. Мұнда жылына 8 мыңға жуық адам өлім жазасына кесіледі. Иранда 150 қылмыскер, Сауд Арабиясында 100, ал АҚШ-та жылына орта есеппен 60 адам түрмеге емес, о дүниеге аттанады.

Елімізде де осындай өлім жазасын қайта енгізу мәселесі жыл сайын көтерілгенімен, бастама үнемі аяқсыз қалып келеді. Ал, бұл жолы экстремистерді ату мәселесі қос палатадан қолдау тауып, президент бекітіп жатса, араға 13 жыл салып, Ақтөбеде тірідей ұсталған содырлар ату жазасына кесілуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде тірідей ұсталған лаңкестер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Террористердің қолынан қаза тапқан әскери қызметкердің отбасына үй берілді

Ішкі істер министрі ақтөбеліктің «өлтірілгендер» тізіміне қалай түсіп қалғанын түсіндірді

Талқылау