Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі журналисті тікелей эфир кезінде атып кетті

Доминикан Республикасында радиодағы тікелей эфир барысында екі журналисті атып кетті.

1957213

Журналистердің бірі эфир кезінде Фейсбукта тікелей трансляция жүргізіп отырған. Екі минуттық видеода Луис Мануэль Мединаның оққа ұшқаны түсіп қалған. Әйелдердің айқайлағаны да естіледі. 103FM Доминикан радиосының продюсері Лео Мартинес те қаза тапты. Қылмысқа қатысты үш адам тұтқындалды.

Полицияның мәлімдеуінше, оқиға сейсенбі күні елдің астанасы Санто-Домингоның шығысында орналасқан Сан Педро де Макорис қаласында орын алған. Ұсталғандарға әзірге айып тағылған жоқ. Сондай-ақ, неліктен БАҚ өкілдеріне шабуыл жасалғаны әзірге белгісіз.

Жіберіп алмаңыз:

Шыңжаңда 3 лаңкес теракт жасап, 5 адам қаза тапты

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Талқылау