Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі жазда тұтынатын ең қауіпті өнімдерді атады

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында жаз айларында қандай өнімдердің микроорганизмде қарқынды көбейітінін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі жазда тұтынатын ең қауіпті өнімдерді атады

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Ең қауіпті азық-түлік өнімдерінің қатарына кілегей, майонез қосылған салаттар кіреді. Мұндай өнімдерде сонымен қатар, арнайы сақтауды қажет ететін крем қосылған кондитерлік өнімдерде микроағзалар қарқынды көбейеді. Әсіресе, жұмыртқаның ақуызынан жасалған крем қосылған кондитерлік өнімдер қауіпті. Сонымен қатар, бұл тізімге термикалық өңдеуді қажет ететін құс еті мен жұмыртқасы кіреді. Ет пен жұмыртқаны пісірген кезде оны жақсылап асу немесе қуыру керек», – деп хабарлады Бекшин.

Аталған өнімдерден басқа кейбір жеміс-жидектер мен көкөністер де жазғы кезеңде тұтынуға қауіпті өнімдердің тізіміне енді.

«Бірінші кезекте құлпынайға және жуу қиын болатын жүзімге назар аудару қажет. Оларды алдымен қайнаған суда жуып алып, содан кейін таза сумен жақсылап шаю керек. Мүмкіндік болса сода ерітіндісіне салып қойып, артынша тағы шайып жеуге болады», – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау