Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даусы және ұяты болмаса да: Динара Сұлтан еліміздегі «мықты әншілерді» сынады

Танымал әнші Динара Сұлтан өзін «мықты әнші» санайтындарды сынап тастады, деп жазады Stan.kz.

Динара Сұлтан

Динара Сұлтан өз сөзінде қазіргі уақытта даусы да, дарыны да жоқ адамдардың әнші атанып жүргенін айтып қынжылды.

«Дарыны, даусы және ұяты болмаса да, ол бізде әнші болып саналады, жо-жоқ, «мықты әнші» болып саналады. Заман сондай, адам сондай, деңгей сондай. Солай емес пе?!» – деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылар әншінің пікірін қолдап шықты.

«Өкінішке орай, қазір сондай әншілер көбейіп бара жатыр», «Дәл солай, ондайлардың көбін білеміз», «Димаштай әншілеріміз көп болса, шіркін. Еліміздің атын шығаратын. Ал қазіргі әншісымақтар тойдан шықпайды», – деп жазды пікір қалдырушалыр.

Сонымен қатар пікір қалдырушылардың дені Динараның отбасы мен өнерді қатар алып жүргеніне тәнті болды.

«Отбасы мен өнерді қатар алып жүрген сізге Алланың нұры жаусын! Көптеген өнер адамдарының қолынан келмей жататын жағдай. Бірінші кезекте көп балалы ана болып, оларды толыққанды жанұяда тəрбиелеу, өкінішке орай, өнер адамдарының ортасында сирек кездесетін жағдай. Сіздердей отбасымен мақтануға толық құқыңыз бар! Шіркін, елімізде барлық жанұя осындай болса ғой!» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау