Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ішінде қайшы ұмытып кеткен әйел Астана әкімінен көмек сұрады

Астанада  дәрігерлер мүгедек әйелдің ішінде қайшы ұмытып кеткен. Бұл жағдайды екінші топ мүгедегі қала басшысының есеп беру жиынында Әсет Исекешевке айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2003 жылдан бері үй алуға кезекке тұрған астаналық әйел әлі күнге дейін пәтер алмаған.

«Мен сирек кездесетін ауруға шалдыққан екінші топтағы мүгедекпін. 2011 жылдан бері Астанада тұрып келемін. Маған осы күнге дейін алты ота жасалды. Оған қоса дәрігерлер ішімде қайшы ұмытып кеткен. Мен осының бәріне шыдадым. Енді қанша күтуім керек, пәтер алу үшін қайда бармадым»,-деді ашынған әйел.

Әсет Исекешев жағдайдың бәрінен хабардар болғанымен, бұл мәселеде көмектесе алмаймын деп жауап қайтарды.

«Мен сіздің жағдайыңызды түсініп тұрмын. Біз сіздің осы уақытқа дейін кезекте тұрғаныңыз жайлы құжаттық дәлелдер таппадық. Бұдан басқа әлі 28 мың мүгедек-баланың кезекте тұрғаны жайлы бекітілген тізім бар. Олардан бұрын сізге пәтер беру заңсыз»,-деді қала басшысы.

Сонымен қатар қала әкімі мүгедек әйелге қолынан келгенше әлеуметтік көмек көрсетуге тырысамын деп уәде берді.

Айта кетейік, Астана концерт залында қала әкімінің халыққа есеп беру жиыны өтіп жатыр. Жиналғандардың қатарында «Азбука жилья» құрылыс компаниясының өкілдері де бар.

Жіберіп алмаңыз:

Астана әкімінің халыққа есеп беру жиынында шу шықты

Өскеменде 2 жасар баланы аяусыз сабаған балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды

Мұқағали ақынның Олжас Сүлейменовтен опық жегені рас па?

Сарапшы: Оқ желке тұсынан 6-20 сантиметр қашықтықта әдейі атылған

 

Талқылау