Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер ұзақ өмір сүруге арналған өнімді атады

Ресейлік Қартаюға қарсы медицина қоғамының президенті, геронтолог Светлана Трофимова тофуды ұзақ өмір сүруге көмектесетін өнім деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Smotrim басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: danettemay.com

Трофимованың сөзінше, “тофу” — “көгілдір аймақта” тұратын жүз жасаған адамдар арасында өте танымал өнім. Геронтолог “көгілдір аймақ” 100 жастан асқан адамдар тұратын жерлерді білдіретінін айтты.

Дәрігердің айтуынша, тофу жеу қатерлі ісік қаупін азайтады, сонымен қатар әйелдерде менопаузаның басталуын бәсеңдетеді.



Айта кетейік, бұған дейін Зерттеуші және "100-ге дейін өмір сүр" телехикаясының авторы Дэн Бюттнер бау-бақша және көгалдандырумен айналысу өмірді ұзартатынын айтқанын жазған едік. 

Талқылау