Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер қазақтың тәтті-дәмділерін дайындауды қолға алмақ

Қызылорда облысында кәсіпкерлік бастамасы бар жеті тұрғын «Даму» қорынан грант алды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры түрлі бағыттағы жобаларға үш жүз мыңнан үш миллион теңгеге дейін грант бөлді.

144

Сурет Марьяна Касимова

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Байқауда барлығы 33 жоба таныстырылды, дегенмен қазылар алқасының таңдауы ең өзекті жеті жобаға түсті», – дейді «Даму» қоры өңірлік филиалының менеджері Анар Қожаниязова.

Қор филиалынан мәлімдегендей, мемлекет ұсынып отырған гранттар арқасында Төретам кентінде сән салоны ашылады. Ал Ақай ауылдық округінде киіз үйлер дайындалса, Ажар ауылында макарон цехы іске қосылмақ.

«Ал мен жеңіп алған бір миллион теңгемді омарта шаруашылығын өркендетуге жұмсаймын. Біздің өңірде көктемде жантақ секілді пайдалы өсімдік гүлдейді, одан алынған балдың шипасы зор. Мен осы балды өндіру арқылы адамдарға бір көмегім тигенін қалаймын», – дейді Арал ауданының кәсіпкері Нұрбек Сексенбаев.

«Даму» грантына ие болған тағы бір кәсіпкердің бірі Қалима Жұматайға келешекте балдың өте қажет болатыны рас. Шиелі ауданына қарасты Ортақшыл ауылының кәсіпкер ханымы жент, талқан, сөк секілді қазақтың байырдан келе жатқан дәстүрлі тәттілерін дайындауды қолға алмақ.

«Тарыны баяғыдан бері өсіріп келеміз, қазақтың ұлттық тағамдарының сан түрін әзірлейміз. «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген халық данылығы бар ғой. Меніңше, әркім қолымнан келеді-ау деген кәсібімен айналысқанда ғана, бизнес қанат жаяды. Оның үстіне, сапалы азық-түлікке қашан да болсын сұраныс бар», – дейді кәсіпкер әйел.

Талқылау