Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Черногорияда қаза болған қазақ жігіті 3 адамды құтқарып үлгерген

Черногорияда көз жұмған Танат есімді қазақ жігіті екі әйел мен бір баланы құтқарған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Танат Смағұловтың суға батып бара жатқан екі әйелді аман алып қалғанын хабарлаған едік.

41 жастағы қазақстандық азамат Улцинь қаласында әріптестеімен бірге демалған. Туыстары Танаттың спортқа бейім болғанын айтады. Достарының айтуынша, Танат үш адамды құтқарып, төртіншісін құтқармақ болғанда өзі мерт болған.

«Алдымен екі әйелді судан шығарды. Үшінші рет бүлдіршінді алып шықты. Төртінші адамға жүгіріп бара жатқанда өзі де нашарлай бастады. Алайда көмектесудан бас тартқан жоқ. Суда аз ғана уақыт қалып қойды. Егер дәрігерлер сәл ертерек келгенде аман алып қалуға болар ма еді. Дәрігерлер 5-10 минутта келді. Бұл уақытта Танат жан тапсырып үлгерді», – дейді туысы Махаббат Зейнелова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау