Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы визажист Facebook компаниясының белді қызметкеріне айналды (фото)

2016 жылдың басынан бері MSQRD бірнеше айдың ішінде кең танымалдылыққа ие болып, тіпті голливуд жұлдыздарының да сүйікті қосымшасына айналды. Тіпті қосымашаны құрастырушылар Цукербергтің де көзіне түсіп, Фейсбук әлеуметтік желісінің құрамына кірген. Бірнеше апта бұрын MSQRD сапында Лондон тұрғыны Надежда Рыдлева жұмыс істей бастады. Бұрын визажист болып жұмыс істеген қыз, компанияға жаңа бетперделер ойлап табуға көмектесетін көрінеді.

8d35f19eaea06b

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

“MSQRD-те мен 2D форматындағы маскалар құрастырамын. Дизайнерлермен біріге отырып беттегі face-painting (“беттегі суреттер”) жасап шығамыз. Оған кейде 3D форматтың да белгілері қосылады. Мен бұрыннан face-painting-пен айналысып, жасаған дүниелерімді Инстаграмға жүктеп отыратынмын. Интернеттің орыстілді сегментінде дәл осы бағытты игергендер тым аз, көбісі ағылшын тілділер. Сондықтан да осы іске тәуекел еттім”, – дейді Надежда.

орпа

Ол MSQRD өкілдеріне олардағы қабылан суретін алып тастап, өзінің суретін жібереді. Сөйтсе, оларда біраздан бері Надежданың инстаграмдағы парақшасын бақылап жүр екен. Осылайша, олар скайп арқылы байланысқа шығып бірге жұмысты бастап та кетеді.

кпауку

Негізгі мамандығы вижазист болған ол қыз, қазіргі таңда ол кәсібін тоқтата тұрып толыққанды маска жасаумен айналысуда.

неку

“Барлығы идеядан бастау алады. Бірден оны бетіме салып, қалай көрінетінін байқаймын. Егер, көңілімнен шықса әрі қарай жетілдіре түсемін. Макияжды аяқтаған соң әртүрлі ракурстан суретке түсіріп, өңдеп, біздің дизайнерлерге жіберемін. Сосын олармен бірге қандай элементтер қосуға болады дегенді талқылаймыз.

ирпмасв

Көбіне ол қашықтықтан жүріп те жұмыс жасай береді екен. Алайда командамен етене танысу үшін жуырда Минскке келген. Өзі Ресейде өмірге келген. Біраз уақыт Литва қаласы Вильнюсте тұрған. Визажистік қабілетін жетілдіре түсу үшін Лондонға жол тартқан екен.

кпау

“Мен MSQRD туралы желтоқсанның аяғында білдім. Көптеген достарым түрлі маскамен түскен суреттерін қоя бастады. Мен де қызығып өзіме жүктеп алып, қолдана бастадым. Мен вижазист боламын деп жүрген адам едім, әлеуметтік желіде жұмыс істеймін деген ой түсіме де кірмеген. Бірақ, бұл салаға да қызығушылығым оянып, өмірім қазір мүлде басқа жолға бұрылды деуге негіз бар. Түрлі талантты суретшілермен таныстым және өзімді 2D-әртіс ретінде де сынап көргім келеді”, – дейді ол.

Талқылау