Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

7 тамыз күні түскі сағат 12:36 шамасында Бурабайда суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды.

20621757_461166794267957_8543958345222338293_n

Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Еске салсақ, 6 тамыз күні Ақмола облысындағы Бурабай курортына жақын жердегі кіші өзендердің бірінде екі қыз суға батып кеткен еді. Олар отырған матрас қатты желдің кесірінен аударылып кеткен. Кешкі сағат 17:09 кезінде 1999 жылы туған бір қыздың денесі табылған. Ал екінші қыздың денесін құтқарушылар бүгін судан алып шықты.

Бұл ретте ҚР ІІМ Ақмола облыстық ТЖД-ның 4 тамыз күні “6-7 тамыз күндері Ақмола облысында секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғатынын” хабарлағанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында археологтар көне заман жауынгерінің сүйектерін тапты

Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды

Дәрігерлер қостанайлық ардагердің денесінде 73 жыл бойы жүрген оқты алды

«Иегова куәгерлері» әжейге өлген соң марқұм ұлыңмен кездесесің деп үйін өз аттарына жаздырған

Талқылау