Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық қалыңдық тойында салмағы 63 келі шығатын ерекше көйлек киді (фото)

39 жастағы Ребеке Мархэм өз тойын көпшіліктің есінде ұзақ сақталатындай ерекше атап өтуді жоспарлаған. Үш баланың анасы 42 жастағы ғашығы  Кевин Смитпен бас қосқан күндерін жақын достары мен туыстарының ортасында атап өткен.

көйлек4

Бақыттан басы айналып жүрген қалыңдық некеге тұру рәсіміне бір сағат кешігіп келген. Қалыңдықтың жетуін күткен көпшілік оның етегі кең ақ көйлекпен әрең қимылдап, Hummer лимузинінен түскен сәтінің куәсі болды. Оның неке қию рәсімі өтетін жерге жетуіне жаныдағы құрбылары көмектескен. Себебі, ақ көйлектің салмағы 63 келі. Оны киюге 20 минуттай уақыт кетіпті. Көйлекті Вудфорд-Грин қаласының сәнгерлері ойлап тауып, тіккен. Қалыңдыққа ерекше көйлек қатты ұнаған.

көйлек3

63 келі шығатын көйлектің етегін  ұстап тұру үшін қалыңдық ішінен  сегіз алюминиден жасалған дөңгелек киген. Көйлектің жоғары жағы  түрлі тастармен әшекейленген. Ерекше көйлекті  ойлап тапқан сәнгерлер қалыңдықтың стилі үйлесімді шығу үшін сырғасын, гүліне дейін арнайы жасатқан.

Қалыңдық құрбыларының да  жолы болды. Себебі тойы болған ару олардың киімдерін де арнайы тіктірген. Тек түсі ашық қызғылт демесеңіз өзінің көйлегінен аумайды.

көйлек2

Некелесу рәсімі аяқталғаннан кейін әдеттегідей жиналғандардың барлығы мейрамханаға бет алды. Банкет залы да қарапайым емес еді. Онда жасалған безендірудің өзі ашық күлгін мен жылтыраған сұр түстен жасалған.

көйлек1

Қонақтардың көңілін, әдейі жалдаған мультфльм кейіпкерлері аулап жүрді. Ол арнайы таңдалған  «Шоу Бенни Хилла» тақырыбындағы әуенмен орындықтарды аралап, өз ісін атқарды. Кейіннен қалыңдық осындай өзгеше тойды кеш қонақтары күтпегенін, өздері оларға арнайы сый ретінде ұйымдастырғанын мақтана айтты.

көйлек6

көйлек

 

Талқылау