Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді

Лондон тұрғыны бірнеше апта ғана өмірі қалғанын білгеннен кейін ауруханада үйленді. Ауыр дертке шалдыққан 24 жастағы жігітке екі өкпесін алмастыру үшін донор табылмаған.

Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Даррен Истон мен Лорен Поуп 60 қонақтың алдында бір-біріне адал болуға уәде берді. Бұл кезде қонақтардың бәрі көз жасын тоқтата алмады. Себебі ғашықтардың екеуі де бірдей дертке шалдыққан. Олар 2015 жылы қайтыс болған ортақ достарының жерлеуінде танысыпты.

Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді

«Жақында өлетінімді білгенде, тойдың өтуі үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бәрінен бұрын, Лореннің бақытты болғанын қалаймын. Және мен өлгеннен кейін де онымен бірге болатынымды білсе деймін», – дейді Даррен Истон.

Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді

«Бір-біріне уәде бергенде «бізді өлім айырғанша» деп айтылады. Алайда бұл біз туралы емес. Біздің махаббатымыз уақыт кеңістігінен тыс өмір сүреді. Тіпті, біз қайтыс болсақ та, махаббатымыз жоқ боп кетпейді», – дейді Лорен Поуп.

Даррен сүйіктісіне 2016 жылдың наурыз айында ұсыныс жасаған. Олар содан бері үйлену тойына қажетті ақша жинай бастапты. Алайда қараша айында жас жігіттің өкпесі істемей қалып, оның күтуге уақыты болмаған. Дарреннің төсектен тұруға шамасы болмаса да, ол сүйіктісімен алғашқы және соңғы биін биледі.

Бірнеше күн ғана өмірі қалған жігіт өзінікіндей дертке шалдыққан қызға үйленді

Ғашықтардың екеуі де өмірге келе салысымен, сарысулы фиброз диагнозы қойылған. Мұндай диагнозы бар пациенттердің өмірінің орташа ұзақтығы – шамамен 40 жыл.

«Бұл менің өмірімдегі ең ұлы күн болды. Ендігі мен Лореннің алдағы өмірі үшін ғана алаңдаймын. Мен оған ақша және өз заттарым салынған қорапты қалдырдым. Оның бақытты болғанын қалаймын», – дейді Даррен Истон.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау