Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінің көзіне әйнек кіріп, ота жасатты: Павлодарда екі дәрігердің не себепті төбелескені белгілі болды

Павлодарда аурухананың бас дәрігерімен төбелескен шенеунік ұрысқа жұмыстағы тәртіпсіздіктің себеп болғанын айты.

Айта кетейік, өткен аптада денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында дәрігер мен мемлекеттік қызметкер төбелесіп, ауруханаға түскен еді, деп хабарлайды 31 арна.

Екі күннен соң басқарма басшысы дауға емдеу мекемесінің вахтерімен болған жанжал себеп болғанын айтты. Ал, оның қоластындағы қызметкер басқа нұсқа айтты.

«Науқастар ауруханада жатыр. Неліктен науқастардан жылы көрпе мен жылытқыш әкелуін сұрайды? Бұл үшін емдік-профилактикалық отырыстың протоколы толтырылып, ескерту жасалған болатын», – дейді денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Нариман Шахмарданов.

Ал, ауруханадғылар оқиғаға сенбі күнгі жағдай себеп деп отыр. Ауруханаға Шахмарданов жеке жұмысымен келген. Вахтер жұмыс тәртібіне қатысты оны кіргізбеген. Бұл кезде аурухананың бас дәрігері де орнында емес еді.

«Вахтер даусын көтермей жай ғана түсіндіруге болатын еді. Біз осы жөнінде қанша рет түсіндіру жұмысын жүргіздік. Ол даусын көтеріп сөйледі, сол үшін тәртіптік жауапқа тартылды», – дейді қалалық аурухананың кадр бөлімі басшысы Аида Асылбекова.

Ал, сәрсенбі күні жиыннан соң екеуінің арасында дау туған. Төбелес салдарынан Марлен Ахметовтің көзілдірігі сынп, әйнек көз жанарына кіріп кетеді. Соған байланысты шұғыл ота жасалады. Ал, Нариман Шахмардановтың бас-ми жарақатын алған-алмағаны тағы анықталады.

«Бұл жанжал. Мені арт жағымнан келіп ұрды. Ондайды күткен жоқпын. Мен басымды басып сол қолыммен ұрдым. Қорғану үшін ұрдым», – дейді Шахмарданов.

Оқиғаның куәгерлері жоқ. Іс сотта қаралғанда зардап шегушілердің денсаулығына келген зақым ескеріледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау