Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы бір жыл бұрын жоғалған қызды діни ағымға кіріп кеткен деп күдіктенеді

23 жастағы Гүлфайруздың жақындары оның қандай да бір діни ағымға кіріп кеткенін болжайды. Қызды іздестіру жұмыстары әлі де еш нәтиже берер емес.

2016-07-20_20-49-32

Сурет: www.newstaraz.kz 

Бұл туралы Қазақстанның бірінші арнасы хабарлайды.

«Ол күн сайын менің түсіме кіреді. Мен қызымды сағынып жүрмін. Қайтып келетіндей көрінеді». – дейді анасы.

Бұған дейін жақындарының жоғалған қызды тек бір жылдан кейін ғана іздей бастағанын хабарлаған едік.

Қызы мен анасы 2015 жылдың 20 маусымында жігіт үшін ұрысып қалған. Содан қызы үйінен кетіп қалған.

Кейіннен осы дауға себепші болған жігіттің Гүлфайрузбен араласпайтыны белгілі болды. Оны құрбылары көрген екен.

«Мен қызым хиджаб киіп жүр дегенді естігенде таң қалдым. Тіпті сенбеймін де. Ол қалайша хиджаб киюі мүмкін. Егер  шынында хиджаб киіп жүрсе, ол қандай да бір діни ағымға кіріп кеткен», – дейді қыздың анасы.

«Куәгерлер оны сәуір, маусым айларында елдің әр аймағынан көргендерін айтады. Кәмілетке толған жастар өзінің қайда жүргенін айтып жүруге міндетті емес. Кейде туыстар арасында жай ғана қатынас үзіліп кететін жағдайлар да болады», – дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Қыздың анасы Шора Рысқұлова экстрасенстердің көмегіне де жүгініп, жеке іздеуші де жалдаған. Ол қызының аман-есен оралатынынан үмітті.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық бойжеткен сәбиінің жоғалғаны туралы оқиғаны ойдан шығарған

Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Қарағандыда жоғалған қыздың анасы жазалануы мүмкін

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Бауыржанды іздеуге АҚШ-тағы бақсы атсалысуда

Талқылау