Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына оқ тиіп зақым алған жігіт ауыстырылған бетін көрсетті

Калифорния штатының тұрғыны 2018 жылдың басында бетін алмастырған отаның нәтижесін көрсетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі The Independent басылымына сілтеме беріп.

Басына оқ тиіп зақым алған жігіт ауыстырылған бетін көрсетті

2016 жылы Кэмерон Андервудтың басына оқ тиген. Салдарынан ол бетінен жартысынан айырылған. Мұрны, астыңғы жағы мен тістері зақымданған болатын.

Жай ота арқылы бетін қалыпқа келтіру мүмкін болмаған. Ол Нью-Йорктік университет қабырғасындағы Лагоуна медициналық орталығының көмегіне жүгінген. Орталық мамандары оның бетіне сәтті екі ота жасаған. Қаңтар айының басында оған 23 жасында қайтыс болған Нью-Йорк қаласының тұрғынының бетін салған.

Ота 23 сағатқа созылған. Науқастың бетіндегі барлық ақауларды қалпына келтірген. Осылайша науқас бірнеше апта ауруханада болған.

«Бетімді алмастырғаныма өте қуаныштымын, өйткені ол маған өмір сүруге екінші мүмкіндік береді. Әлі толық оңалмасам да, нәтижеге өте ризамын», – деп жазған Андервуд.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау