Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанға қымыз жеткізуді екі есе арттырды

2024 жылдың бірінші тоқсанында Башқұртстаннан шетелге сүт өнімдерін жеткізу екі есе өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: triptonkosti.ru

Башқұртстан қымызының негізгі сатып алушысы – Қазақстан. Қаңтар-наурыз айларында башқұрт өндірушілері Қазақстанға 2,5 мың тоннаға жуық қымыз өнімі мен құрғақ сүт жөнелтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп, яғни 1,3 мың тонна.



"Сүт өнімдерінің барлық 464 партиясы Қазақстанға жіберілмес бұрын оны Россельхознадзор департаменті мамандары тексереді, өңделеді. Башқұртстанның сүт өнімдері Еуразиялық экономикалық кеңес стандарттарына сәйкес келеді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы, әлем чемпионы Махмұт Сабырхан рингке қымыз ішіп, қазы жеп шығатынын айтқан еді. 

Талқылау