Бокстан әлем чемпионы: Рингке қазы жеп, қымыз ішіп шығамыз
Қазақтың Ломоченкосы атанған боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан "Ұйқым келмейді" түнгі шоу-бағдарламасына қатысып, үлкен жарыстарға қалай дайындық жүргізетіні туралы айтты.

“Шет елдерге қазы, қымыз алып барамыз. Себебі кейбір елдердің тамағы бізге ұнамай қалады. Жекпе-жекке дейін 2 сағат бұрын қазы жеп, рингке соның күшімен шығып кетеміз”, – деп бөлісті ол.
Сондай-ақ Махмұд Сабырхан тележүргізушілердің басқа да сұрақтарына жауап беріп, бокста кімді үлгі тұтатынын айтты:
“Жанкүйерлердің мені Василий Ломоченкоға ұқсатқанына да қуанамын, бірақ мен тек оның боксын көріп өскен жоқпын. Өзіміздің ағаларымыз да бар – Серік Сапиев, Бахтияр Артаев, Бекзат Саттарханов. Мен әр мықты боксшының жақсы жерін алуға тырысамын”, – дейді спортшы.
Бұдан бөлек, боксшы алдағы жоспарларымен де бөлісті. Былғары қолғап шебері Парижде өтетін Олимпиадаға қатысқан жағдайда, 57 келі салмақ категориясына ауысуы мүмкін.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан

