Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта полицей үш жолдасымен қыз зорлаған

Қарағандылық тәртіп сақшысының өзі қылмыскер атанды. Оқиға Балқашта, өткен жылдың мамыр айында болған.

Полицей мен үш жолдасы ішімдікке тойып алып, қызға зорлық көрсеткен. Жақында ғана сот шешімі шықты. Бірақ жәбірленушінің әкесі онымен келіспей отыр, деп хабарлайды Евразия.

«Мен әділ жаза берілгенін қалаймын. 5 жарым жыл деген не ол? Зорлаған адамдардың бұған дейін заңға қайшы әрекеті болмаған дейді. Мұндай қылмысқа барғандарға қатысты бұл норма қолданылуы керек пе? Арасында полиция қызметкері болған. Оған да жазаны жеңіл беріп тұр. Әділдікке деген сенімім құрыды менің!» – дейді жәбірленушінің әкесі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау