Бақытты үштік: Бала тәрбиесінде де, төсек қатынасында да қиналмаймыз

Жұма, 19 Мамыр , 2017 13:44

Британиялық азамат қос келіншегімен бір үйде қалай тату тұрып жатқанын айтып берді. Ол өзінің әлемдегі ең бақытты жан екенін сөз етті.

407A8FD900000578-4517838-image-a-15_1495095190961

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Лондон қаласының тұрғыны Адам Лайонс бір үйде екі келіншегімен бірге тұрады. Олардың есімі – Джейн және Брук. Жуырда ол Техасқа көшіп барды. Олар өзара тату екендерін айтып жатыр. 2 жыл бұрын Брук Шедд және Джейн Шэлэховамен бірге тұрып жатқан азамат «Тірі жандар ішіндегі ең бақытты адам» аталымын жеңіп алған екен. Ол уақытта Адам мен Бруктың бір ұлдары болған. Енді Джейн сәби күтіп жүр екен.

407A8B6B00000578-0-Adam_with_Brooke_Shedd_28_right_and_Jane_Shalakhova_27_left_who_-m-4_1495094726969

407A8CAF00000578-0-Adam_Lyons_36_from_East_London_at_home_with_Brooke_Shedd_28_left-m-2_1495094578514

«Үшеуіміздің ортақ балаларымыздың бар екеніне ерекше қуаныштымын. Бұл туралы сан рет ашық сөйлескенбіз. Балаларымыз бізді «әке», «ана» және тағы да «ана» деп атайды. Екі басқа қарағанда, үш бас әлдеқайда жақсы екен. Біз болашағымызды үш адам болып құрастырып жатырмыз. Біздің достарымыз отбасылық міндеттерді бөлісуде қатты қиналады. Ең бастысы, бір-бірімізге деген көре алмаушылық қасиет жоқ әрі әрқайсымыз жеке өмірімізбен айналыса аламыз. Төсек мәселесінде де қиналмаймыз. Бастапқыда жұрт қарым-қатынасымыз ұзаққа бармайды деп ойлады. Бірақ, осылай өмір сүріп жатқанымызға 5 жыл болды. Ұлым Оливер де өзінің ерекше отбасында тәрбиеленіп жатқанын мойындайды», – дейді 36 жастағы Адам.

407A8E0900000578-4517838-image-a-21_1495095416702

407A8B5E00000578-4517838-The_trio_are_hoping_to_marry_this_year_in_a_commitment_ceremony_-a-2_1495098501702

27 жастағы Джейн осы күнге дейін бала туғысы келмегенін айтады. Алайда оның ойы осы «үштікке» тап болғаннан кейін өзгеріпті. Ол да күйеуімен бірге бизнес-консалтинг компаниясында жұмыс істейді екен. «Бала туған кезде өзіңді оның өміріне толықтай арнауың керек деп ойлайтынмын. Көп ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бермейді. Бірақ, Адам мен Бруктың арқасында бала тәрбиелеудің әлдеқайда оңай екенін түсініп жатырмын. Біз балаларға ғана емес, бір-бірімізге жиі көңіл бөліп отырамыз. Оның үстіне баламды сенімді адамдардың қарайтынына қуаныштымын», – дейді Джейн.

407A917500000578-4517838-image-a-16_1495095249556

407ABCCF00000578-4517838-Brooke_and_Adam_s_son_Dante_two_left_and_seven_year_old_Oliver_h-m-4_1495113295405

28 жастағы бисексуал Бруктың Оливер есімді ұлы бар. Ол күйеуінің тоқалын туғанындай жақсы көретінін айтып жатыр. «Джейннің жүктілігі мен үшін де қуаныш алып келді. Маған онымен сөйлескен ұнайды. Үнемі төрт ұлымның болғанын қалайтын едім. Енді осы арманым орындалатын болды. Біз тағы да балаларымыздың болғанын қалаймыз. Адам мен Джейнге арнап той жасап бергім келеді. Оливер де дәл осылай екі әйелге үйленгісі келетінін айтады. Үштіктен құралған отбасы, расымен де, бақытты бола алады. Біз адамдарға жақсы үлгі болып жүрміз деген ойдамын», – дейді Брук.

407A91DA00000578-4517838-image-m-38_1495096089446

407A91B400000578-4517838-image-a-35_1495095973280

407A8EFA00000578-4517838-image-a-40_1495100780310

407A8F8B00000578-4517838-Jane_who_is_originally_from_Russia_with_Brooke_s_sons_Oliver_and-m-19_1495095356062

Адам, Джейн және Брук дәл қазір үлкен үйде өмір сүріп жатыр. Аталған үйдің үштен бір бөлігі – кеңсе, екінші бөлігі – мектеп. Ол жерде Брук балаларға сабақ береді. «Жұмысымыздың үйіміздің қасында болғанына ерекше қуанамын. Арасында Адам екеуіміз түскі асқа келіп кетеміз. Брукпен, Оливермен де көп уақыт бірге өткіземіз. Үйге келген соң, Брукты, Данте мен Оливерді құшақтап сүйген ұнайды. Менің жүктілігімді біз алдын ала жоспарладық. Брук балаларды қатты жақсы көреді. Оның маған қарағанда, бала тәрбиесінде тәжірибесі мол», – дейді Джейн.

407A919700000578-4517838-image-a-34_1495095799142

407A90D900000578-4517838-Jane_is_31_weeks_into_her_first_pregnancy_and_looking_forward_to-a-1_1495098501661

407A8E6800000578-0-image-m-6_1495094747644

Адам мен Джейн жуырда дүниеге келетін сәбилерінің қыз бала болғанын қалайды екен. «Әзірге той жасаған жоқпыз. Бірақ, бұл жоспарымызда бар. Джейн босанғанға дейін Англияға көшіп алғым келіп тұр. Үшіншімнің Ұлыбритания жерінде дүниеге келгенін қалаймын», – дейді Адам. Кейде Адам, Брук және Джейн төсек қатынасына тағы да бір адамды қосып алады екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар