Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатында бақ сынайтын бұрымды боксшыларымыз белгілі болды

Бокстан 22 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астана қаласында бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия біріншілігі өтеді. Бас бапкер Жангелді Ахметов байрақты бәсекеде сынға түсетін қыздардың құрамын жасақтады. Назарларыңызға Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз.  

48 кг. Анель Абдрасилова

50 кг. Элянур Турганова

52 кг. Бағжан Отынбай

54 кг. Аяжан Сыдық

57 кг. Аяжан Ермек

60 кг. Толғанай Қасымхан

63 кг. Аружан Жанабаева

66 кг. Ұлдана Таубай

70 кг. Мария Сидоренко

75 кг. Шұғыла Нәлібай

81 кг. Аружан Зейноллаева

+81 кг. Панар Сейітқанқызы

Айта кетейік, Астанадағы Азия чемпионатына 25 елдің боксшылары келеді деп болжанған.

Талқылау