Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айықтырғыштағы адам өлімі: Полицей дубинкамен бастан ұрған

Бүгін Алматы аудандық соты айықтырғышқа қамалғаннан кейін көз жұмған астаналық Николай Кривенконың өліміне қатысты істі қарап, үш бейнежазбаны көріп шықты. Жазбаның екеуі Кривенко ұсталған кезде жасалса, бірі – айықтырғыш дәлізінде түсірілген.

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

Видеода Кривенконы алып келіп, аяқ-қолын байлағаны көрсетіледі. Кейін оны торланған бөлмеге орналастырады. Біраздан соң Кривенко ол жерден шығып кетіп, орталықтың фельдшерін ұрады. Осыдан соң Кривенко еденге құлап, полицей мен фельдшер оны ұра бастайды. Полицей кетіп қалып, қайтадан оралып Кривенконың басынан дубинкамен ұрған. Айыпталушы полицей сотта Кривенконың басынан үш мәрте ұрғанын айтты.

Бейнебақылау камерасына түскен видеода көрінгендей кейін Кривенконы сабауға екі санитар да араласқан. Сабаған түні Кривенко айықтырғыш камерасында қайтыс болады.

Қазір осы іс бойынша патрулдік қызметтің сержанты Берік Мұрзабеков, фельдшер Саят Сатын және санитарлар Фархат Камбетов пен Сұңғат Темірғалиевтар айыпталып жатыр. Бұл іс бойынша сот тыңдауы 31 қазанда өтеді. Ал оқиға осы жылдың 15 наурызында болған.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Келінімнің ішін қатты басып, жатырын алып тастаған: Немересінен айырылған Қызылорда тұрғыны дәрігерлердің кінәсін айтып берді

Талқылау