Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын Төлепберген артық салмағы үшін алаңдап жүр (фото)

Айқын Төлепберген артық салмақ жинап алғанын және сол салмақпен қалай күресіп жатқанын айтып берді.

15802578_1815370202065761_3890513567220236288_n

Фото: instagram.com/aikyn/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айқын өзінің сыртқы келбетіне ерекше мән беретін жұлдыздардың қатарынан. Ол ай сайын косметолог маманға барып бетін тазартып тұрады. Мұнымен қатар, түрлі диета ұстайды. Әншінің соңғы кезде салмағын бақылауға уақыты жетпей қалса керек. Ол артық салмақ жинап алғанын айтып жатыр. “Толып кетіппін. Диета мен спорт аман болсын. Ал сіздер артық салмақпен қалай күресесіздер?” – дейді әнші.

16122861_1830558437158109_1345248868811407360_n

Оның бұл жазбасы желі қолданушыларына түрліше әсер етті. Бірі әншінің өзіне күтім жасауын құп көретіндіктерін айтты. Екіншілері ер жігітке мұндай сөздердің жараспайтынын тілге тиек етті.

“Үстіңдегі киімнің өзі әжептәуір салмақ қой”, “Суретке күлкілі болып түсіп қалғансыз”, “Осылай әдемі көрінесіз”, “Айқын, сенің салмағың қанша?”, “Күшті. Бар болғаны, ағзаны тазалап отыру керек. Аптасына бір күн тамақ ішпе”, “Тек пайдалы тағамдарды тұтынуға тырыс” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Санжар Мәдиевтің отбасылық суреттері жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Қабатовтың келіншегі: Күшті де сүйкімді күйеуімді ешбір тоқалмен бөліспеймін

Талқылау