Айгүл Иманбаева маталар дүкенін ашты
Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева «бизнес-ледиге» айналды. Нақтырақ айтсақ, халықтың сүйікті қызы Астана қаласында маталар дүкенін ашып, жұртшылықтан сүйінші сұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Қайырлы күн достар! Сіздермен бір қуанышты жаңалығымды бөліскім келіп отыр. Осы жазда елордаға қоныс аударған болатынмын. Бас қаламызда көптен бері ойланып, сəтін күтіп жүрген жоспарым бір жолға қойылып отыр. Қазақ елі ежелден талғам мəдениеті жоғары халық. Осы ретте, Қазақстанда теңдессіз Астанада ашылған “REAL LIFE” маталар дүкенімде екі мыңнан астам Еуропаның үздік мата топтамаларын ұсынып отырмын», – деп жазды ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Сонымен қатар, Иманбаева өз дүкенінің әлемнің алдыңғы қатарлы эксклюзивті қолданбалы маталары мен обой-маталарын мейлінше қолжетімді бағада ұсынатынын атап өтті.
Желі қолданушылары өз кезегінде кәсіпкер актрисаның жаңа бастамасына қолдау білдірді.
«Құтты болсын. Сiздiң бойыңыздағы күш-жiгер таусылмасын. Армандаған армандарыңыз орындала берсiн. Сiздiң бойыңыздағы батылдық пен еңбекқорлыққа қызыға қараймын. Сiз бақыттысыз», – деп Жанар есімді желі қолданушысы ақ тілегін жолдаса, Нұрсұлу есімді тыңдарман: «Керемет! Талабыңыз оң болсын! Астанада осындай маталар сататын маталар дүкені болса ғой деп ойлайтын едім. Қуаныштымын, енді сіздің дүкенге барып тұрамыз!» – деп уәде етті.
Біз де өз тарапымыздан Иманбаеваның бастаған ісіне сәтілік тілейміз!