Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауқатты отбасында өсіп, саябақта түнейтін жағдайға жеткен мұрагер әйелдің оқиғасы (фото)

 Марианна Фридман-Фут  әр түнін Нью-Йорктегі орталық саябақта жамылғыға оранып ұйықтаумен өткізеді.

Ол сол паркке тиіп тұрған бағасы 10 миллион АҚШ доллары тұратын үйде өскенін сырт көз елестетпейтін де шығар. 63 жастағы Марианна Манхэттендегі  ең бай кәсіпкердің  мұрагері ретінде ауқаттылар арасында өскен.

Ол байдың балалары оқитын жекеменшіктегі мектепті бітіріп, балет өнерімен айналысқан. Анасының өлімінен кейін олардың өмірі күрт өзгеріп салаберген.

Анасы өмірден өткеннен кейін Марианна күйзеліске түсіп, нашақорлыққа салынған. Жақында ғана үйсіз, далада қаңғып қалды. Енді ол ашық аспан астында тұрады.

«Мен хан сарайындай үйде өстім. Өмірде бәрі өзгеріп кетесалады деген рас ия?»,-деп бастады Марианна өз сөзін New York Post басылымының журналының тілшісіне берген сұхбатын.

Ол күйеуі Фрэнкпен бірге орталық саябаққа толықтай көшіп келіп алған. Заттарын қоқыс салуға арналған қапқа салып, поролон төсекте ұйықтап жүр.

Әйел Парк-авеню  көшесіндегі 940-шы үйде өскен. Ол отбасымен 370 шаршы метрді құрайтын үйде тұрған. Оның іші арнайы дизайнмен безендірілген.

Қазір оның бағасы 10 миллион доллар тұрады. Бірақ анасының қазасынан кейін Марианна оны 3 миллион долларға сатып жіберген. Ол ақшаны әпкесі Джорджина екеуі қалаған заттарына жаратып тастаған. Қыздар өз уақытында танымал болған кәсіпкер  Исидор Каплананың немерелері. Манхэттеннен шыққан кәсіпкердің мата шығаратын өндіріс орны болған.

Марианна Фридман 1971 жылы мектеп бітіргеннен кейін.

Қазір Марианнаның 1950-1960 жылдарғы бақытты балалық шағынан ештеңе де есінде қалмаған. Оның анасы қатты күйзеліспенауырып, кейде долылыққа салынатын болған.

«Есімдесі, анам киім қалдыратын бөлмеде былай отыратын»,-деп Марианна  саябақтағы орындыққа жайғасты.

Мектеп бітіру кешінде Марианнаның шашы ұзын. Барынша шынайы күліп камераға емес басқа жаққа көз салып тұр. Ол би өнеріне баулыйтын атақты  Калхун (Calhoun School) мектебін бітірген. Осыдан кейін бір жыл өткенде атасы қайтыс болып, анасы отбасылық кәсіпті сатып жіберген.

Сол кезде Марианна үйінен кетіп қалған. Ол кезде Марианна Бостон университетінде медбикелікті бітіріп, алғаш рет тұрмысқа шыққан еді. Тұңғышы Жизель дүниеге келген. 30 жыл бұрын ФБР-де қызмет еткен оның жары  жұмыс бойынша Нью-Йорке көшетін болды. Олар Марианна өскен ауданда тұрған. Бірақ, сол жылы олар ажырасып, Жизель әкесімен кетіпті.

Марианна қызын үш жаста кезінде соңғы мәрте көріпті.

«Мен қызымның кететін күні не киіп алғанын білем, әлі есімде. Оның үстінде көк жейде болды, төменгі жағында қызыл сызықтары бар. Шахмат тақтасындағы бейнедей. Міне солай.Мен қызымды қазірге дейін елестетіп отырамын. Күн санап бейнесі маза берер емес. Әсіресе саябақта жүрген балаларды көрген кезде. Басқа дүние жайлы сөйлессек»,-дейді Марианна.

Марианна анасы мен әпкесімен ешқандай да араласпай қойған. Жизельді әкесі баққаны дұрыс дейді ол. Марианна қатты күйзелістен шыға алмай ауырған.

Қырық жастан асқан кезде аптасына төрт мәрте наша қабылдайтын деңгейге жетіпті. Анасының өлімінен кейін олар әпкесі екеуі ортақ үйді сатып жіберіп, ақысын теңдей бөліп алады. Сол кезде қазіргі күйеуі Фрэнкпен танысқан. Оның жасы 59 –да. Құрлысшы болып жұмыс істеген. Олар 2000 жылы үйленіп, Лонг-Айлендтен үй алған. Бірақ қаржылай қиындық туған кезде сатып жіберген.

Далада қалған жұп, құрбыларының үйінде тұрған. Ол ракпен ауырыпты. Марианна оның ас-ауқатын әзірлеп, көмектескен көрінеді. Құрбысы қайтыс болғаннан кейін бұлар ол үйден де қуылған.

Марианна тұрған үй.

Марианна мен оның күйеуіне құқық қорғаушы көмектеспекші болып жүр. Айтуынша жағдайды түсіндірсе, жергілікті билік ескі де болса паналауға баспана беруі мүмкін. Әйтпеген жағдайда Марианна қыста далада үсіп кетуі мүмкін.

Марианна мен Фрэнк кей кездері достарының үйіне барып түнеп қайтады. Әйел қандай жағдай болмасын, өз көңілін көтеріп жүруге тырысатынын жасырмайды.

«Мен өзін-өзі өлтіруге болады дегенге сенбеймін. Мен күлетін зат таппай қалсам ағашқа шығып, жерге секіріп –ақ күлемін»,-дейді Марианна.

Оқи отырыңыз:

2017 жылдың ең күлкілі жануарларының суреттері жарияланды

Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу

“АрселорМиттал Теміртау” ереуілге шыққан шахтерлерді сотқа берді

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

 

Талқылау