Атыс жасаған террорист не себепті бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтып берді

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 23:11

Бірнеше сағат бұрын ұсталған террористен жауап алынып, алғашқы деректер белгілі болды. Бүгін таңертең оны емханадан тергеу изоляторына ауыстырған болатын, – дейді КТК арнасының сайты.

20160718125914

Полицейлердің алғашқы сауалына қатысты Руслан Күлікбаев не себепті полицейлерден бөлек бейбіт тұрғындарды да атқанын айтып берді.

 

“Ол Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының ғимаратына келген. Ол жерде қарапайым зейнеткер отырған. Бұрын жүргізуші болып қызмет еткен зейнеткер анықтама қағазын алуға келген екен. Күлікбаев зейнеткерді полицей екен деп ойлап, оған оқ атқан. Біз одан не себепті Абай көшесіндегі азаматты атқанын сұрағанда, ол “Өйткені, ол маған төлқұжатын көрсетіп, мені тоқтатпақ болған. Сол себепті мен оған оқ аттым” деді. Оның есі дұрыс. Сұрақ алынып жатыр. Бізде барлық видеожазбалар бар. Оның әрбір әрекеті таспаға жазылған”, – дейді ҚР Ішкі істер министрлігі Қалмұхамбет Қасымбеков.

Дүйсенбі, 18 шілде күні, Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар