Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда террорға қарсы дайындық жүргізбегені үшін мектеп директорлары жазаланды

Атырауда террорға қарсы қорғаныспен мектептерін жабдықтамағаны үшін үш директорға айыппұл салынды.

Kazahskie-shkoly

Бұл туралы “Ақжайық” басылымы хабарлайды.

Нақтырақ айтсақ, №7, 14 және 31 мектептерінің директорлары сот шешімі бойынша жазаланған. Олар оқу мекемесіндегі бейнебақылау жүйесінде жазбаларды отыз күн бойы сақтайтын ақпарат жинақтаушылардың болмағандығы үшін айыпты деп танылып отыр.

Мектеп басшыларына тағылып отырған кінә бір бұл емес. Одан бөлек оқу ордасы арнайы оқу-алдын алу сабақтарын да жүргізбеген болып шықты.

Талқылау