Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 39 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

Атырауда із-түзсіз кеткен 39 жастағы әйелді іздеу жұмыстары бес күннен бері жүріп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“39 жастағы Людмила Чернышева түнде үйінен шығып кетіп, артынша оралмаған. Сол уақыттан бері оның қайда екенін ешкім білмейді. Людмиланың жұмысқа бармағанын естіп, туыстары полицияға хабар берген”, – делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жоғалған әйелдің сөмкесі Орал өзенінің жағасынан табылған. Іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді

Айықтыру орталығына түсіп көз жұмған азаматқа қатысты сот тыңдалымы өтті

Алматыда ХҚКО қызметкері азаматтарға қатысты құпия құжаттарды банктегі танысының өтінішімен алғанын мойындады

Шымкенттік мұғалімдер тесттен төмен балл жинап ұятқа қалды

Талқылау