Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асыранды бойжеткен: Өздерінің қара бастары үшін мені беріп жіберген әке-шешеме таңқалдым

Бойжеткен бірнеше ай бұрын өзінің асыранды екенін біліп, туған ата-анасын іздеуге кіріскен екен. Көп уақыттан бері телефон арқылы тілдесіп келген. Енді ата-анасы кездескісі келетіндерін айтып қолқа салған-ды. Бірақ, бойжеткен олармен жасырын кездесіп, баққан ата-анасын ренжітіп алармын деп қорқып жүр. Осы орайда, ол жұрттан ақыл-кеңес сұрады.

0жжжж

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Маған сіздердің ақыл-кеңес, көмектеріңіз қатты керек болып тұр. Мен 21 жастамын. Жуырда өзімнің асыранды екенімді біліп қойдым. Қалай біліп қойғаным ұзақ əңгіме, бастысы менен басқа ешкім білмейді. Қатты қиналып есімді жия алмай жүрмін. Тіпті, үйдегі ата-анам да. Үйдің жалғыз баласы болғандықтан, қолдау көрсетер ешкімім жоқ. Туған əке-шешем тірі екен, басқа қалада тұрады, нөмерін бəрін іздестіріп тауып алдым. Тіпті, сөйлестім. Барлық мəн-жайды түсіндіріп, өкінетіндерін айтты. Бірақ, өздерінің қара бастары үшін мені не үшін беріп жібергеніне жəне неге 21 жыл іздемегеніне таң қалдым.

Шынымды айтсам, түрлі сылтау əңгімелеріне сеніңкіремедім. Мындағы мені асырап келген ата-анам өте жақсы кісілер. Шынымды айтсам, туған əке-шешеме зəру емеспін. Мені туа салып 1 айлығымда беріпті. Тек психологиялық жағынан маған қатты əсер етті. Оның үстіне ешкімге айтпай жасырып қиналғаным екі есе күйзелтіп жіберді. Іштей қиналып жүрмін. Бір жағынан көргім келеді оларды. Басым қатып кетті. Олар менімен жасырын кездескісі келеді. Үйдегі ата-анама, туған-туысқанға айтпай олармен кездескенім дұрыс па? Асырап баққан ата-анам естісе, қатты ренжіп, айқай-шу болатынын біліп тұрмын. Кездескеннен не өзгереді? Болашақта араласқаным дұрыс па? Əлде мүлде жоламай-ақ қояйын ба? Ұмытқаным дұрыс па? Не істеймін көмек беріңіздерші!” – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр

Бойжеткен бала күнінде зорланғанын бірнеше жылдан кейін ғана түсінген

34 жастағы келіншек алғашқы махаббатын сағынып күйеуін тастап кеткен

Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады

Талқылау