Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада шала туған шақалағын далаға тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

Астаналық сақшылар шала туған шақалағын далаға тастап кеткен көкек ананы іздестіруде. Безбүйрек әйел нәрестесін тура мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатақхананың алдына қалдырып, із суытқан, – деп хабарлайды ктк арнасы.

FMxpkZy2dFs

Шырылдаған шақалақты тұрғындардың бірі түн жарымда қоқыс жәшігінің жанындағы баспалдақтан тауып алыпты. Сөйтіп, жедел жәрдем шақырған. Қазір шала туған бала ауруханада жатыр. Оның үстіне кіндігі де дұрыс кесілмеген. Салдарынан далада ұзақ жатып қалған нәресте көп қан жоғалтыпты. Дәрігерлер өкпесі жетілмеген және туа біткен анемия деген диагноз қойып отыр. Өз анасы өзектен тепкен шақалақ – ұл бала екен. Түрі еуропалық нәсілге ұқсайды. Қазір сақшылар қылмыстық іс қозғап, көкек ананы іздестіруде. Егер ата-анасы табылмаса, нәресте жетім балалар үйіне табысталады.

«Қазір баланың жағдайы орташа ауыр. Бастапқыда дене қызуы 33 градус болған. Реанимациядан шала туған балалар бөліміне ауысытруға дайындап жатырмыз. Тағы бір ай ауруханада ем қабылдауы тиіс. Әлі сүт еме алмайды. Салмағы 1 келі 800 грамм, бойы 39 сантиметр», – дейді №1 перинатальдық орталықтың бөлім меңгерушісі Жұлдыз Көшербаева.

Талқылау