Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада салығы төленбеген көліктер айып алаңына әкетіліп жатыр

Елордада салығы төленбеген көліктер айыппұл алаңына әкетіліп жаты. Бұл туралы  Хабар 24 арнасы хабарлады.

Алматы ауданында 2012 жылдан бері 1 жарым миллиард теңгеден астам көлік салығы төленбей келеді.

Сондықтан бюджетке түсуі тиіс қаржыны қайтару үшін сот шешім шығарып, осындай қатаң шара қолға алынды.

Алматы ауданында салығы төленбеген 55 мың көлік болса, басым бөлігінің қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асады. Олардың әрқайсы үшін кемінде 100 мың теңге төленуі тиіс.

«Біздегі 2021 салық төлеуші ірі көлемде көлік иеленеді. Яғни, 4 мың текшеден жоғары. Соның ішінде 640 салық төлеуші 230 млн бюджетке қарыз. Қазір осы іс-шаралар жеке сот орындаушылармен біріге отырып, мүліктерін тәркілеп жатырмыз. Көлік салығының төленетін уақыты 31 желтоқсанда аяқталады. Ол уақыттың бәрі бітісімен өзіміздің шараларды қолданамыз»,- дейді Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Қайрат Тұрлыбеков.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанның қасиетті жерлері туралы фильмдер БҰҰ-ның негізгі 6 тілінде көрсетіледі

Енді жіберілген хабарламаны “ВКонтакте” желісінде де өшіруге болады

Қазақстанда танымал әуе компаниясы рейстерін тоқтатуы ықтимал

Талқылау