Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

SCAT әуе компнаиясы кейбір рейстерді тоқтатып, билет бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлады.

Фото: Kapital.kz

Себебі, әуе компаниясы желтоқсанда алуы тиіс сұйық отынның 20 пайызға жетпейтін мөлшерін ғана алыпты. Жетіспеген жанармайды шетелде алғызтын болса билет бағасы да қымбаттайды.

Желтоқсанда жеткізілуі тиіс 4 мың 875 тонна авиакеросиннің орнына бар-жоғы 780 тонна ғана түсіпті. Келісімшартпен міндеттелген «ПетроСан» компаниясына сенгендіктен, өзге жанармай қоры да болмаған. Осының салдарынан SCAT әуе компаниясы «Алматы – Петропавл», «Алматы – Көкшетау», «Шымкент – Петропавл», «Қарағанды – Қызылорда» секілді рейстерін мүлдем тоқтатуы мүмкін.

«Әкелінуі тиіс авиакеросиннің тек бестен бірін ғана алып отырмыз. Мұндай жағдайда ұшу кестеміз де құрдымға кетуі мүмкін. Егер жанармайды шеттен алатын болсақ бұл жолаушылардың қалтасына әсер етеді. Өйткені сұйық отын билеттің 40 пайызын құрайды», – деп түсіндірді SCAT әуе компаниясы жанармаймен қамту бөлімінің басшысы Дмитрий Ульянов.

Тағы оқыңыз: 

Ақтөбеде газ тапшылығы қолдан жасалған болуы мүмкін

Қазақстанның жедел жәрдем көліктері лимон түске боялады

Метрода қызды пойыздың астына итеріп жіберді (видео)

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

Источник: Stan.kz

 

Талқылау