Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада менингит дертіне шалдықты деген күдікпен 1-сынып оқушысы ауруханаға түсті

Астанада 1-сынып оқушысы менингитке шалдыққы деп күдіктелуде.

Оқушы ауруханаға жатқызылды. Халықаралық мектеп оқушысы 12 қазанда ауырған. Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, балаға алдын ала диагноз қойылды.

“Оқушы қазір балалар ауруханасында емделіп жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы қалыпқа сай шамада. Менингит вирусын жұқтырғанымен де даурығатын ештеңе жоқ”, – дейді ол.

Оқушы оқыған сыныпта профилактикалық шаралар жүргізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау