Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрын-сонды болмаған: Астанада дүниежүзілік сауда орталығы салынады

Астана қаласында жақын арада қандай нысандар пайда болатыны туралы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК Астана) айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

150 метрлік кешенді Экспо аумағының екі гектар жерінде тұрғызу жоспарлануда. Жобаға 200 миллион долларға дейін салынады.

“Жоба толықтай іске асқанша барлық шығынды мойнына көтеретін инвестор бар. Біз – серіктестерміз, әрі жер көлемін беруді және мемлекеттік органдардан рұқсат алуды қамтамасыз етеміз”, – дейді Астана ӘКК-нің басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Қазіргі таңда архитектуралық тұжырымдаманы құрастыру жұмыстары жүріп жатыр. Орталықты салу туралы шешім Нұрсұлтан Назарбаевтың Белгияға барған іс-сапарында келісілген.

Атап өтсек, Дүниежүзілік сауда орталықтарының ғимараттары Нью-Йорк, Амстердам, Токио, Сеул, Дубай қалаларында орналасқан.

Халықаралық сауда орталықтарының ассоциациясы жаһанды сауда мен инвестицияның дамуына үлес қосатын халықаралық саяси емес ұйым болып табылады. Дүниежүзілік сауда орталықтары өзара желі арқылы байланыста, оларда дәстүрлі түрде Eni, «Лукойл» сияқты ірі корпарациялардың кеңселері негізделген.

Cонымен қатар, Астанада скифтік жауынгердің бас киіміне ұқсайтын ерекше ғимарат пайда болады. Ол “Хан-Шатыр” сауда, ойын-сауық орталығының артында белсенді түрде құрылып жатқан ауданда орналасады. Оның құрылысы 2019 жылдың аяғында басталады деп жоспарлануда.


“Осы ғимарат қарастырылып жатыр. Бұл қонақүйі, кеңселері, галереясы, мейрамханалары, сауда орталығы бар көп қызметті орталық болады”, — деп хабарлайды Нұрлан Жақұпов.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Сербия президенті Александр Вучич Астанада өткен кездесулерінде 2019 жылы көп қызметті тұрғын үй кешені салына бастайды деп келісті.

Тұрғын үй кешенінің аумағы — 61 гектар. Ол Тельман ықшам ауданының маңында орналасады. Жоспарланған құрылыс мерзімі — 2018-2023 жылдар аралығы. Инвестицияның көлемі шамамен 500 миллион долларды құрайды.

Келесі жылдың аяғында Астанада Қонаев көшесінде, Rixos President Astana қонақүйінің жанынан көппәтерлі кешеннің құрылысы басталады.

Көппәтерлі кешенде бизнес-орталықтар да болады

Талқылау