Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада азаматтарға «жабысқан» такси жүргізушілері жазаланды

Астанада азаматтарға «жабысқан» такси жүргізушілері жазаланды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлім етті.

таксишііі

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Мемлекет басшысының қоғамдағы бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «нөлдік төзімділік» қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған шараларды атқаруға айрықша назар аударылды», – деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл мәселеде жергілікті полиция барлық мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтаса жұмыс істеуде.

«Мәселен, мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, вокзал маңы мен әуежайда такси қызметін көрсететін жүргізушілердің азаматтарға «жабысуын» алдын алу бойынша шаралар жүргізілді. Әкімшілік кодекстің 449 бабына сәйкес 1 194 тұлға жауапкершілікке тартылды», – деді Б.Малыбаев.

Жергілікті полиция қызметі бастығының айтуынша, әкімшілік соттың қолдауымен көшпелі сот отырысын жүргізу қолға алынған. Бүгінде 9 сот отырысы өтті.

 

Талқылау