Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі жер телімінің таратылып жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Астанада «тегін жер беріліп жатыр» дегенді естіген тұрғындар әкімдікке жиналды. Шенеуніктер енді олардың әрқайсына жер телімінің үлестіріліп жатпағанын түсіндіріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

7ddcd731cb6bff99b2a30632c59

Сурет astana.gov.kz

Соңғы күндері Елорда тұрғындары таңнан қара кешке дейін аудандық әкімдіктердің табалдырығын тоздырумен жүр. Бала-шағасын ерте келген жұрт өз бетінше кезек құрып, құжат өткізуге таласып жатыр. Тұрғындар Ұлттық экономика министрлігінің биыл үй салуға жер бөлетін облыстардың тізімін жариялаған соң даурыға бастаған.

Алайда, шенеуніктер Астананың бұл тізімде жоқ екенін айтады. Оның үстіне жолы салынып суы, жарығы тартылған дайын жер телімі де жоқ екен. Бірақ, жер басқармасы ұзын-сонар кезекке тұрғандардан арызын қабылдауға мәжбүр. Қазіргі таңда бас қалада 104 мың адам кезекте тұр.

“Астананың бас жоспары бойынша, 45 мың жер үй салу көзделген. Қазір оның 30 мыңы тұрғызылды. Негізі 2030 жылға дейін 15 мың жер учаскесін беруіміз керек. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Жер телімін бөлмес бұрын инфраструктурасын реттеуіміз керек”, – деді Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы Телғозы Нұркенов.

Талқылау