Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша мен Арман бал айындағы қызықты сәттерімен бөлісті (видео)

Жақында ғана бас қосқан қос әнші тойларынан кейін біраз уақыт өткенде барып, бал айына шетелге сапарға шыққан еді. Әрине, демалыс кезіндегі суреттермен жанкүйерлерін зеріктірген жоқ.

аша арман

Енді жұлдызды жұп, қызықты сәттерден бейне ролик дайындаған. Бұл да әрине көпшіліктің сұрауы бойынша болса керек. Себебі, қос әншінің жеке өміріне қызыға қарайтындар саны күн санап артып келеді деуге болады.

Видеоны отағасы Арман Қоңырбай өз парақшасына жүктеген. Ол қысқа  естеліктің жанына сүйіктісіне арнаған жазба да қалдырған.

“Жаныммен сүйіп бағалағаным. Сезімімді сен бағала,жаным. Өзіңді сүйген бұл жүрегімді жараламағын”,-дейді Арман Қоңырбай.

Әншілердің отау көтергеннен кейін бал айын өткізуге кеткендер жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау