Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Бейсенбі, 17 Қараша , 2016 12:38

Баян Есентаеваның қорғаушысы Марат Төкенұлы продюсердің туған жездесі. Яғни Аша Матайдың әкесі. Ол бажасының ісіне қатысты пікір білдіріп, қалай болғанда да жазасын жеңілдетуге тырысатынын айтты.

каккккк

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Бақытбек Есентаевқа қатысты ақпараттар легі толастар емес. Продюсер мен оның жұбайының арасындағы оқиғаларға қатысты сот соңғы шешімін бірнеше апта бұрын шығарған болатын. Нәтижесінде Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, темір торға қамалған-ды. Алайда сотталушының қорғаушысы Бекболат Жансейітов үкіммен келіспейтінін айтып, аппеляциялық шағым түсірді. Баян Есентаеваның қорғаушысы әрі Аша Матайдың әкесі Марат Төкенұлы да бұл шешіммен келіспейтіндігін жеткізіп отыр.

“Сотталушы Бақытбек Есентаевтың жасаған іс-әрекетіне қатысты дәлелдемелер дұрыс келтірілмеген деп ойлаймын. Өйткені, жалпы қылмыстық іс материалдарында, біздің ойымызша, кісі өлтіруге оқталу деген бапқа сәйкес дәлелдер жоқ. Бақытбек Есентаевпен мен жәбірленуші тарап бір болып тұрмыз. Өйткені, позициямыз бір”, – дейді қорғаушы.

Марат Төкенұлы қандай жағдай болса да, Бақытбек Есентаевтың жазасын жеңілдетуге тырысатындықтарын жеткізді. Айтуынша, заң жолымен бұған қол жеткізуге болады.

“Басында ашумен, басқа жағдайлармен жазылды. Десе де, жеме-жемге келгенде кейбір жағдай адамды өкіндіреді. Бірақ жазылып кеткен дүниелерді де зерделеп қарау керек. Қазіргі кезде біз бір ойдамыз. Қалай болғанда да жеңіл жағына әкелмекпіз. Негізі бостандыққа шығарып алу мүмкіншілігі бар. Соған өзіміз үміттеніп отырмыз”, – дейді Марат Төкенұлы.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Бетімнің кем-кетік тұстарын есіме сала берудің қажеті жоқ

Тұңғышбай Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді

Күйеуі Сиви Махмудидің туған күніне жаңа көлік сыйлады (видео)

Әнші Нұрлан Әміров: Еркектің қыдырмайтыны жоқ, ол үшін сөкпеңіздер

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
21 күні 22 сағат кері

Шаткан ондай болганда басында неге шулатты.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар