Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Андрей Аршавин Алматыдағы Esentai тұрғын үй кешеніне жайғасты

Футболшы 29 мамыр күні туған күнін атап өтеді. Спортшы биыл 35 жасқа тойлаты. «Стар Хит» басылымы танымал ресейлік спортшының туған күнін қалай атап өтуді жоспарлап жатқанын, «Қайрат» командасының намысын қорғап жүрген Аршавиннің Қазақстанға қалай орналасқанын біліп көруге тырысқан.

арша1

Осы аптаның ішінде Ресей құрама командасының экс-капитаны Аршавин 35 жасқа толу мерейтойын атап өтпек. Спортшы бұрынғы әйеліне балаларын шетелге шығаруға тыйым салады екен. Ол өзінің төл мерекесіне тек таңдаулы әрі санаулы азаматтарды ғана шақырыпты. Сондай-ақ басылым Аршавиннің неліктен Алматыда ең қымбат саналатын пәтерлердің бірін жалдағаны жайлы біліп қайтқан еді.

арша
«Қайрат» командасында ойын көрсетіп жүрген Аршавин үш айдың ішінде бір рет қана қарсыластың қақпасына гол соққан. Онымен бір командада ойнайтын әріптестері өздерімен салыстырғанда Аршавин әлдеқайда жоғары жалақы алатынын сөз қылады екен. Сондай-ақ, айлық алған Аршавин өзгелерге қарағанда ақшасын бірнеше минут ұзақ санайды деп әзілдейді екен. Бұған қарамастан қайраттықтар жаңа ойыншыны өз қатарларына тез әрі жылы қабылдаған.

“Әзілді орынды әрі жақсы айтады.Біз тез достасып кеттік. Андрей өте қарапайым. Екеуміздің демалатын уақытымыз сәйкес келе бермейді. Кейде бірге кешкі ас ішеміз. Менің әйелім бар. Оның сүйіктісі жақында келеді. Сол кезде отбасыларымызбен мейрамханаға барып қалармыз»,-дейді «Қайраттың» қорғаушысы Тимур Рудосельский.

арша2

Аршавинді Алматыдағы ең танымал дүкен Essentai Mall-да немесе Union барында жиі кездестіруге болады. Онда жергілікті әншілер концерттер ұйымдастырып, футболды тікелей эфирден тамашалауға болады. Сондай-ақ, бұл орында кальянды жақсы дайындайды. Андрейдің денсаулығын ORHUN MEDICAL орталығының ең таңдаулы дәрігері Максим Галушкин қадағалауында ұстайды. Спортшы клиникаға соңғы рет бір ай бұрын келіпті.

«Алғашында ол базада тұрған. Кейіннен қонақүйге көшкен. «Қайрат» командасындағы әріптестерінің бірі Владимир Грошев Аршавиннің жақында ғана даңғазадай пәтер жалдап, ол жерден кетіп қалғанын айтады.

«Стар Хит» басылымының анықтағанындай Андрей Аршавин мен әріптесі Анатолий Тимощук Esentai сауда орталығының ең үстінгі қабатында орналасқан ең қымбат бөлмелерде көрші болып тұрады екен.Спортшының бөлмесін қызметкерлер жинап беріп, The Ritz-Carlton отелінің қызметкерлері тамақ әзірлеп, киімдерін тазалап береді екен.

Спортшы мерейтойын «Қайраттағы» әріптестері мен отбасының ортасында атап өтпекші.
«Біздің құрамада қалыптасқан дәстүр бар. Әр спортшы өз туған күніне торт әкеледі. Бәріміз базада отырып шаймен ішіп аламыз»,-дейді Тимур Рудосельский.

Өкінішке орай спортшының осы жылғы туған күнінде тележүргізушіден туған үш баласы- Яна, Артем, Арсения мерекелік кешке қатыспайды. Спортшы олармен араласуды тоқтатқан көрінеді. Тіпті Яна есімді қызын 8 жасқа толған туған күнімен құттықтамапты да.

арша3

«Андрей Сергеевич бұрынғы әйеліне алимент бойынша бар қарызын төлеп тастады. Ол 8 миллион рубль шамасында болған еді»,-дейді спортшының қорғаушысы Баравановской Андрей Тындик.

«Ұлдарымен де, қыздарымен де ол көрісуді қойған, хабарласпайды да. Жақында ғана ол балаларының шетелге шығуына рұқсат беруден бас тартты. Юлия балалармен теңіз жағасында демалып қайтуды жоспарлаған екен», – деді Тындик.

Бұған дейін “Әзілкештер “Аршавин ойындағы емес банктегі есебіне алаңдайы” деп әндетті (видео)” деген тақырыпта материал ұсынған едік.

Талқылау