Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Лидо өзін туысы Лидия Кәденованың арқасында танылды дегендерге жауап берді

Танымал әнші Лидо өзін туысы Лидия Кәденова сахнаға шығып, танылды дегендерге жауап берді.

Лидо

Бұл туралы «Гәкку ТВ» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бағдарлама барысында желі қолданушыларының сұрағына жауап берген Лидоға Лидия Кәденовамен туыстығы туралы сұрақ қойылды.

«Сіз – актриса Лидия Кәденованың келінісіз. Кәденова арқылы сахнаға шыққансыз», – деп сынады желі қолданушыларының бірі.

Өз жауабында Лидо Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисінің келіні емес, туыстас сіңлі екенін айтты.

«Мен келіні (ред. Лидия Кәденованың) емеспін, сіңлімін. Әкем ол кісінің туған інісі. Мұндай тәтемнің барына қуанамын. Менің сахнаға шығуыма ол кісі емес, еңбегім көмектесті», – дейді Лидо.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау