Англияда Дулат Исабековтің 75 жылдығына фестиваль ұйымдастырылған

Англия астанасы Лондонда белгілі қазақ жазушысы, драматург Дулат Исабеков атындағы фестиваль өтуде. Іс-шара жазушының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы фестиваль қатысушыларының бірі, актриса Салтанат Бақаева Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

“Лондон қаласына келуіміздің басты себебі ол Дулат аға Исабековтың 75 жылдық мерей тойы. Осыған орай Лондон қаласында Дулат Исабеков атындағы фесиваль өтіп жатыр.Біз “Жау Жүрек” қойылымымен сол фестивальды аштық. Жаңа ғана аты әлемге әйгілі БигБен сағаты орналасқан парламент ғимаратында Дулат ағаның 75 жылдығына арнайы жайылған дастарxаннан дәм таттық! Бұның барлығын ұйымдастырған Лорд палатасы! Үш ұйықтасам түсімде көрмеген, ойламаған нәрселер өміріңде болады екен… БигБен сағаты орналасқан ғимаратта лордтармен, королеваға жақын жүрген адамдармен дастарxандас боламын деп еш ойламаған едім”, – деп жазды Салтанат.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас інісінің әнші болуына қарсы шыққан

Алматыда әйгілі халықаралық I’m a singer Kazakhstan жобасы басталды

Ақтөбедегі студенттер сарайы Жанар Айжановадан қайнаған су үшін мың теңге сұраған

Димашпен би билеген Ерке Есмахан желіні шулатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар