Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі студенттер сарайы Жанар Айжановадан қайнаған су үшін мың теңге сұраған

Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова Ақтөбеге сапары кезінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетіне қарасты студенттер сарайында бір шайнек су үшін мың теңге сұрағанын айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Күн салқын болды. Шай іше қояйын деп қайнаған су сұрағанмын ғой. Студенттер сарайының директоры бір Тефаль шайнек су үшін мың теңге сұраған кезде шалқамнан құлай жаздадым. Ақшаны суға сұрады ма, шайнекке сұрады ма, ол жағын өзінен сұрау керек. Содан, менің де тілім ұзын ғой, адам емес екенсің деп кеттім», — деп еске алды әнші өткен жылдары болған жайтты.

Айта кетейік, Жанар Айжанова санаулы күн бұрын Ақтөбеде дүркіреп өткен Жерлестер форумына қатысып кеткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Айдана Меденова «босана салып сахнаға шығып кетті» деп сынағандарға жауап берді

Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Асылбек Еңсеповті экс-қайын атасы Төлеген Мұхамеджанов қуанышымен құттықтап келді

Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды

Талқылау