Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова «босана салып сахнаға шығып кетті» деп сынағандарға жауап берді

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды! Бұл жайт ел мінсіз санайтын өнер жұлдыздарына да жақсы таныс. Мәселен, бір үйдің еркесі болған Айдана Меденова бүгінде ерінің алдында кішірейіп, тіпті, кешірім сұрауды үйренген. Есесіне жары Айдананы үнемі қолдап отырады. Тіпті, босана салысымен өнерге қайта оралуына рұқсат берген Әлішерді кейбір желі оқырмандары түсіне алмай дал, деп жазады Stan.kz.

Өз үйінде айтқанын істетіп үйренген Айдана қалай ақылды әйелге айналғанын “Еуразия” арнасының «Қалаулым» бағдарламасында әңгімеледі.

«Бастапқыда мінезімді көрсететінмін, бірінші болып бармайтынмын. Қандай жағдай болса да, сен кінәлісің дейтінмін. 3 жылдан бері бірге тұрып жатырмыз, осы уақыт аралығында неше түрлі болды. Ұрсып қаламыз, ренжісіп қаламыз. Мен ерке болған соң, әрине, ол бірінші кешірім сұрап келеді. Қазір мен бірдеңе деп қойсам, өзім баратын болдым. Өйткені үнемі еркелей беруге де болмайды. Ақылға салып, ойланып, әйтеуір ұрысымыз қатты созылмайды. Әрі кетсе жарты күнде татуласамыз. Жұмыс көп, уақыт жоқ, ұмыта салайық деп әрі қарай жұмысымызбен кетеміз», – дейді Айдана ағынан жарылып.

Меденованың «балаңды тастап, сахнаға шығып кеттің» деп сынағандарға берер жауабы бар.

«Көбісі айтады: «Жаңадан ғана екінші сәбиін босанды. Неге бірден шығып кетті? Әлішер ештеңе айтпай ма? Әлішер сөйлемей ма? Қызғанбай ма?» – деп. Әлішер өз-өзіне сенімді, ер мінезді жігіт. Ол ешқашан да ұсақ-түйек заттарға әңгіме айтпайды. Ең бастысы, менің өмірім – менің өнерім. Мен өнерсіз өмір сүре алмаймын. Ол менімен танысқанда бәрін білді. Не үшін ол маған қазір бірдеңе айтуы керек? Меніңше, барлығында үйлесімділік болуы керек.

Кішкентай кезімнен қауырт күн тәртібіне үйреніп кеткенмін. Жұмыс болмаса отыра алмаймын. Балаларыма да көңіл бөлемін, әрине. Бірақ балаларымның болашағы үшін бәрін істеймін. Өзімнің де көңіл-күйіме әсер етеді барлығы. Менің ойымша, ана бақытты болса, бала да бақытты. Әлішердің папа-мамасы, әжеміз бар бала қарауға көмектесіп тұратын. Көмекшім де бар. Меніңше, одан проблема жасаудың қажеті жоқ. Адамның талпынысы болса, барлығына уақыт табады. Менің анам да мені солай өсірді, сондықтан ол мен үшін жаңалық емес», – дейді Меденова.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш қарттар үйіне барып жанкүйері болған қазақ ақсақалымен кездесті

Айдарбекова ұлына тіл тигізген жігітті ұрысқақ әйелге теңеді (видео)

Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның “Диалогы” желіде хитке айналды (видео)

Айдана Меденова күйеуінің бірінші некеден туған балалары жайлы айтты

Талқылау